рус қаз
Меню
Жаңалықтар

02.06.2019
1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Балалардың асыға күтетін мерекесі-1маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Белсенді  балалар «Серпер» бедер тақтасының бастау алған шеруге қатысып,  Ботақара кентінің орталық саябағында өтетін шараға  сап түзеп барды. «Гүлдер» би тобы «Флеш-моб»   билеп болған соң, бүлдіршіндерді аудан әкімі Ш.Мамалинов құттықтады. №1 қазақ тірек мектебінің «Балауса» шағын орталығының «Туча» биін билесе, Д.Жүнісов пен Н.Рахымбай  қосылып орындаған халық әні «Илигай», «Мама» әнін апалы-сіңілі Серік Ақерке мен Аружандар шырқады. Шешенқара селолық мәдениет үйінің ұжымы балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Бір сөзбен айтқанда бүлдіршіндер кірсе шыққылары келмеді. Барлық балаларға тегін балмұздақтар таратылды. Бақытты балалық шақтың қызықтары көп бола берсін-деген ниет білдірді ата-аналар.


Вернуться назад



© 2019 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»