рус қаз
Меню
Жаңалықтар

16.06.2019
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Маусым айының 14-жұлдызында  Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне  орай «Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы» атты шара ұйымдастырылды.

Сахна шымылдығы «Гүлдер» бишілер тобының әсем биімен ашылып болған соң, аудан әкімі Ш.Мамалинов құттықтау сөз сөйлеп, еңбегі еленгендерді марапаттады.

Аудандық орталық аурухананың директоры С.Қажыкәрімов  игі тілегін жолдап, өз атынан біршама азамат-азаматшаларға мадақтамаларды салтанатты түрде табыстады.

Сәні мен салтанаты жарасқан шарада Ж.Хасенова, З.Төлеубаева, отбасылық дуэт Иманхан Үния мен Қайрат, А.Амантайұлы, Ж.Қабыкенов, Ж.Жомарт, Ж.Кошжанов, В.Жауров, Ә.Төкентаева,«Арман» тобы мен «Арқа саздары» дуэтінің орындаған әндеріне көрермендер тәнті болды. «Гүлдер» бишілер  тобының бишілері  мың бұралған билерін тарту етті. 

Адам жанының арашасы – ақ халатты абзал жандар аман болсын, бар болсын!

 


Вернуться назад



© 2019 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»