рус қаз
Меню
Жаңалықтар

19.07.2019
МЕРЕЙ ТОЙ

Шілде айының 13-жұлдызында қасиетті Бұқар жырау ауданына қарасты Төрткөл ауылының 85 жылдық мерейтойы дүрілдеп өтті.

Таңертеңгілік жиналған қауым ауыл маңындағы зират басына құран бағыштаумен басталды.

85 жыл тарихы бар Үміткер ауылдық округіне қарасты,  Төрткөл ауылының тарихы 1934-ші жылдан басталады. «Төрткөл» атауы- ауыл жанында 4 көлшіктің болуына байланысты аталған екен. Осы жылдарда Жаңақала колхозынан «Обалыға» 18 отбасы  көшіп келіп «Артель»  құрады. Атап айтсақ, бүгінде сол кісілердің өздері болмағанмен ұрпағы  бар. Олар: Қоекин Асқар, Сейталы , Қазтай, Қибан ағалар, Жұмекенов Жұмаділдә, Әбетұлы Әбжалы, Атықанов  Нұрғали, Смаилов  Боранбай, Исмаилов  Жолдекен, Траев (Қатыш) Шалабай,  Айтыс апай, Төстікбай Ысқақоы, Қапаш Әміренов , Әли Қапашев,Аспандияр ақсақал, Зәйткен Мұрсалов, Ботпаев Құсбек, Бөкебай Қарабай. Міне, осы отбасылардан кейін ауылға  бірт-бірте  қоныстанушылар саны қосылып, халқының еңбексүйгіштігінің арқасында жері -ырысты, елі - ынтымақты болып татулықтың  қайнар бұлағына айналды.

Тарихта көптеген азаматтар мен олардың еңбектері қалды.  Ауылдың жақсы –жайсандарын аз уақытта қамтып айту мүмкін емес болғанымен,  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, тұғыры биік нар тұлғалы азаматтарды айтатын болсақ, Дүйсембаев Ақан – професор, экономика бөлімінің докторы, Жұмакенов Қайролла- белгілі флейташы, халықаралық конкурстардың лауреаты, ішкі істер басқармасының полковник полицейлері – Жұмкенов  Махмет және Нұржанов Айткен, сондай-ақ, Құсбеков Дүйсен- заңгер, қазіргі таңда Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасының басшысы.

Бұл айтулы шараға  аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әли, аудан әкімінің орынбасары А.Алимовтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімі Ш.Мамалиновтың құттықтау хаты  табысталды.  Ауылдық құрметті азаматы Жұмаділдә Алпыс ағамыз тебірене сөйлеп,  ауыл азаматтарының  бірлігінің арқасында ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Ауыл ақсақалы  Бекет ақсақалымыз ақ  батасын бергеннен кейін, аудандық Мәдениет үйінің әзірлеген    «Айналдым елім» концерттік бағдарламасы көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.  Атап айтсақ: К.Талашев, З.Төлеубаева, А.Амантайұлы, Ж.Қабыкенов, «Арқа саздары» квартеті, әсем әндерін орындаса,   «Гүлдер» бишілер тобының бишілері мың бұралған билерін ұсынды.   Үміткер, Төрткөл ауылының өнерпаздары Ж.Төлеуова, А.Ахметова, Ж.Мұқымов, Г.Баймышева және «Қызғалдақ» би тобы өнерлерін ортаға салды.

 Түсте клубта ас беріліп, құран бағышталды. Түс ауа үш салмақ дәрежесі бойынша қазақша күрестен балуандарымыз  боз кілемде күреске шығып, мықтылар анықталды.

38 кг салмақ бойынша 3-орын Нұрислам Қайыроспанов, 2 орын Әділ Амангелді (Қарқаралы), 1-орын Жақытай Мақсат (Баянауыл ауданы Сәтпаев ауылы). 42 кг салмақ бойынша  3-орын Итебеков Нұрлан (Бұқар жырау ауданы, Алабас ауылы), 2-орын Ахметов Диас (Баянауыл ауданы Сәтпаев ауылы), 1-орын Тілеспеков Бекарыс (Бұқар жырау ауданы, Ақбел ауылы).

50 кг салмақ бойынша 2-орын Шәкәрім Әлжан (Бұқар жырау ауданы, Ақбел ауылы),1-орын Әли Айбота (Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылы).

Тойдың сәні мен салтанаты даланы дүбірге бөлеген ат жарысын халық тағатсыздана күтті.

Сонымен, тай жарыста   Ақбастаудан келген  Зейден Бексұлтанның  тайы (шабандозы Дамир) үшінші келсе,   2-орынды Қарағанды шаһарынан келген Карибаев Аманның тайы (шабандозы Нөши) ие болса,   1-орынды Спиридонов Юраның тайы  шабандозы Артур (Молодежный ауданы) қанжығасында кетті.

Аламан бәйгеде 3-орынға Қалбековтың Нұрәлемнің тұлпары шабандозы Бексұлтан (Бұқар жырау ауданы, Новостройка ауылы) табан тіресе,  2-орын  Бұқар жырау ауданынан қатысқан  Тергеубеков Боран шабандозы Тергеубеков Куня аты келсе,   1-орын тағы да  Молодежный ауданынан Спиридонов Юра  бап пен бағы  қатар шапты. Барлық дипломдар мен кубоктар, ақшалай сыйлықпен қоса бағалы сыйлықтар  табысталды.

Төрткөлім -нар тұлғаңнан айналдым,

Көз тартып түзіле өскен орманың.

Баурайыңнан қоңыр самал есетін,

Қонысың құт, қойнауың мол мекенім.

Орманың бар, ағаштарың сырласқан,

85  жыл бұл мен білетін бір дастан!

Құмыңды ыстық әнге қосып жырлаған,

Туған ауылым  халқым үшін-бір арман-деген өлең жолдарымен  бірлігі жарасқан ауылдың 85 жылдық мерейтойы тәмәмдалды.

 


Вернуться назад



© 2019 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»