рус қаз
Меню
Жаңалықтар

27.09.2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

24 қыркүйек күні аудандық «Нұр Отан» партиясының конференц залында, Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер тиімділігін арттыруға, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлік субьектілері арасында алдын алу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.  

Шараға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.К.Нурланов., полиция басқармасы бастығының орынбасары А.О.Алюбаев., аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Б.О.Жанбырбаев., аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының заңгері Г.Д. Нурахметова., Ботақара, Ғ.Мұстафин және Қушоқы кенттерінің өртке қарсы құрылымдарының бастықтары, аудандық  «Бұқар жырау жаршысы» газетінің корреспонденті қатысты.

Аумақтық бөлім бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С.Интуев, азаматтық қорғау органдарының құрылымдарындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жібермеу және күнделікті қызметтегі, қызметтік тәртіп пен  заңдылықты қамту  бойынша баяндама жасады.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселесін талқылау барысында, іс-шараға қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік кодекстеріне енгізілген, мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған  түзетулер талқыланды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тақырыпқа  бейнеролик көрсетілді.  

 

 

Бұқар жырау ауданының

 ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау майоры А.Сумский

 


Вернуться назад



© 2019 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
© 2019 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»